Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстанда қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдауға бақылау күшейді

Шығыс Қазақстанда қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдауға бақылау күшейді

Жаңа жыл қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында қылқан жапырақты ағаштарды кесуге бақылау күшейді. Алтай – Парыгино трассасында шыршаны рұқсат құжатынсыз әкетіп бара жатқан тұрғын ұсталды. Ол енді 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Өңірде желтоқсан айының соңына дейін арнайы құрылған 22 мобильді топ орман шаруашылығының кіре берісін күзетіп, заңсыз ағаш кесудің алдын алмақ.


Бөлісу