20.12.1991 жыл: Президент Д.Бейкермен телефон арқылы сөйлесті
1991 жыл. 20 желтоқсан. Қазақ елі тәуелсіздігін жария еткеніне 4 күн болды. Осыдан 30 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы 14 одақтас республикалардың тәуелсіздігін тану туралы Жарлықтарға қол қойды. Сонымен қатар, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкермен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында тараптар ертең, яғни 21 желтоқсанда Алматыда өтетін тәуелсіз мемлекет басшыларының кездесуіне дайындық барысын пысықтады. Осы кезеңдерден бастап екі ел арасындағы экономикалық әрі достық-қарым қатынас қарқынды дами бастады.
Болат Нұрғалиев, ҚР СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтының басқарма төрағасы:
Вашингтонда бірінші рет тарихта қол қойылған. Демократиялық әріптестік туралы хартия Қазақстан мен АҚШ арасында. Ол тарихта болмаған.
20.12.1991 жыл: Президент «ҚР азаматтығы туралы» заңға қол қойды
Президент 20-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға қол қойды. Бұған дейін құжат Жоғарғы Кеңесте тиянақты қаралып, жан-жақты талқыланған болатын.
Серік Ақылбай, Мемлекет және қоғам қайраткері, «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы:
Оның қалай қабылданатыны, кім қабылданатыны, қандай жастан қабылданатыны, қандай жағдайларда осы азаматтықтан айрылатыны осы заңда 42 бабында толық жазылған.
20.12.1991 жыл: Астық конвертацияланған валютаға сатылатын болды
Осы күні Қазақстан Үкіметі совхоздар мен колхоздардан астық пен майлы дақылдарды конвертацияланған валютаға сатып алуға өкім шығарды. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазнанөнім» концернінің ұсынысы болатын.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:
«Біздің егіншілік, ауыл шаруашылығы дерективтік тәсілмен басқарылатын. 05.56+07.04 Мысалы, қашан себу керек, қашан жинау кеерк, осының бәрін партия басқарып отыратын. Ал енді бұл ауыспалы кезең ғой. Бұл шешім менің ойымша, Қазақстанның бидайы төмен бағамыен сатылып кетпесін деген амал шығар. Соған барған шығар деп ойлаймын».
Құжатқа сәйкес, 1 тонна бидайдың бағасы 85 АҚШ доллары, бірінші және екінші сұрыпты бидайдың бағасы 80 доллар болып бекітілді.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы