Мәжіліс пен Парламентаралық одақ ынтымақтастығы жалғасын табады
Мәжіліс пен Парламентаралық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулин мен Парламентаралық Одақ төрағасы Дуарте Пашеко да талқылады. Мәжіліс Төрағасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында елдегі сайлау процесін демократияландыруға, әйелдер мен жастардың құқықтарын арттыруға бағытталған бірқатар заң қабылданғанын жеткізді. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын дамыту, бала құқығын қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар жалғасын табады деді.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Бүгін біз Пашеко мырзамен Мәжіліс және Парламентаралық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келістік. Себебі, Парламентаралық Одақ – ол ең беделді халықаралық парламенттік ұйым. Сондықтан, осы Одақтағы әріптестермен бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта да парламенттік дипломатияны, диалогты нығайтуға, ықпал ететіні сөзсіз.
Дуарте Пашеко, Парламентаралық одақтың президенті:
Қазақстан Парламентаралық Одақ ұстанымдарына берік. Бүгінде Қазақстанды демократиясы кемел мемлекет деп атауға болады. Ал осы елде байқалып отырған экономикалық өсім өте маңызды, өйткені тек экономикалық өсу арқылы ғана халықтың әл-ауқатын арттыруға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12