Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде індет өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде індет өршіп тұр

26.04.2021

Үндістанда 5 күн қатарынан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша антирекорд жаңарып отыр. Өткен тәулікте індетке 353 мыңдай адам шалдығып, 2800-ден астам науқас қайтыс болды. Ауруханаларда оттегі баллондары мен өкпені желдету аппараттары тапшы. Елдің денсаулық сақтау жүйесі дағдарысқа түсті. Осыған байланысты, Еуропалық Одақ, АҚШ, Ұлыбритания, Германия мемлекетке қажетті медициналық жабдықтарды жіберіп, көмек көрсетіп жатыр.

Филиппин аралдарында да індет өршіп тұр. Мұнда инфекция жұқтырғандардың жалпы саны миллионнан асты. Ел билігі дертке медицина мамандарының көп шалдығып жатқанына алаңдап отыр.

Ал Таиланд «ковидтің» үшінші толқынымен күресу мақсатында карантин шараларын күшейтіп жатыр. Мамырдың 9-на дейін саябақтар, спорт залдары, демалыс орындары, балабақшалар жұмыс істемейді. Сонымен қатар, қоғамдық жерлерде маска тақпағандарға 635 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынады.


Хабарламаларға жазылу