Жас актерлер шеберлігі сыналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас актерлер шеберлігі сыналды

15.03.2014
Жас актерлер шеберлігі сыналды
Алматыда актер мамандығын таңдаған студенттер шеберліктерін шыңдауда. Бүгін Астана, Оңтүстік Қазақстан, Орал және Алматының жас таланттары «Үздік актер» атану үшін сайысты.
 
Биылғы республикалық олимпиадаға студенттер Шекспирдің «Король Лир», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Ілияс Жансүгіров шығармаларының желісі бойынша бірнеше қойылым әзірлеген.
 
Жас актерлер берілген   7-10 минуттың ішінде драматургиялық шығармада қаузаған тақырыптарын аша білді. Қоғам құбылыстарын шынайы жеткізіп, актерлік шеберліктерін көрсетті.
 
Ерқанат Ермахан, Т.Жүргенев атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті:
Актер болу өте қиын мамандық. Сахнаған шығып өнер көрсете салу емес ол әрине сахнада өмір сүру. Театр халықтың айнасы дейді. Бізге келіп өздерін көре білу керек. Біз сол үшін қызмет етеміз.
 
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу