Балтық теңізінде екі кеме соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балтық теңізінде екі кеме соқтығысты

13.12.2021

Бүгін Балтық теңізіндегі Швеция территориялық суларында екі жүк кемесі соқтығысты. Апат болған жерге дереу құтқарушылар қайығы жетті. Кемелердің бірі Данияда, екіншісі Ұлыбританияда тіркелген екен.

Швед телекомпаниялары хабарлағандай, олардың бірінің ұзындығы - 90, екіншісінікі - 55 метр. Су көліктерінің неліктен жолы болмағаны әзірге хабарланбай отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу