Елордада екі автобус соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада екі автобус соқтығысты

26.11.2021

Елордада жолаушылар автобусы қарама қарсы бағытта келе жатқан қоғамдық көлікке соғылды. Оқиға таңғы сағат ондар шамасында Байсейітова көшесінде болған. Жиырмасыншы автобустың жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан екі әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген полицейлер істің ақ-қарасын анықтап жатыр.

Ал Екібастұзда 40 жастағы автобус жүргізушісі оқушыны қағып кетті. Полиция департаментінің хабарлауынша, қыз бала бірден ауруханаға жеткізілген. Ал автобус айыппұл тұрағына қойылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Жасөспірім бас ми жарақатын алған. Жансақтау бөлімінде жатыр.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу