Құқық қорғау саласындағы қызметте әйелдердің үлесі артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау саласындағы қызметте әйелдердің үлесі артқан

10.12.2021

Құқық қорғау саласында қызмет ететін әйелдердің үлесі артқан. Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жылды қорытындылады. Отырыста Жоғарғы сот, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінде еңбек ететін және басшылық лауазымда отырған қыз-келіншектер туралы ақпар айтылды.

Қазақстанда судьялардың 52%-ы нәзік жандылар. Ал прокуратура органдарында қызметкерлердің 22%-ы, оның ішінде 73 әйел басшылық қызмет атқарып жүр. Ішкі істер министрлігінде соңғы бес жылда қыз-келіншектердің саны артқан. .

Ораз Жолдасов, ҚР ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы:

ІІМ-нің барлық құрылымында жұмыс істейді: зерттеуші, криминалшы, учаскелік полицей және кәмелет жасына толмағандардың ісімен айналысатын инспекторлар. Ерлермен тең жұмыс істейтін 549 көп балалы аналарды ерекше атап өткім келеді. Олардың азы-төртеу, көбі-9 баладан тәрбиелеп отыр. Арасында Президент қолынан «Құрмет» орденін алған білікті мамандар да бар.

Ұлттық комиссия мүшелері өткенді екшеп, болашаққа бағдар да жасады. Сонымен қатар, әйел мен бала мүддесін қорғауға, елімізде отбасы саясатын нығайтуға қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері алғыс хаттармен марапатталды. Отырыс соңында жиналғандар «Тәуелсіз Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясаты: табыстар мен жетістіктер» тақырыбында өткен фотокөрмені тамашалады.


Хабарламаларға жазылу