Қазақстан мен Еуроодақ құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуроодақ құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсті

22.07.2021

Қазақстан мен Еуропалық Одақ құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты нығайта түсті. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен қоғамдық қордың атқарушы директоры Люксембург пен Брюссельге іс сапармен барды. Онда бірқатар келіссөз жасалды. Консультациялар қорытындысы бойынша балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қамқорлық жасау, экономикалық бостандықтар мен тең мүмкіндіктерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 

Хабарламаларға жазылу