Зейнетақы жинағынан «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жинағынан «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға болады

10.12.2021

Зейнетақы жинағынан «Отбасы банкіндегі» депозитке аударуға болады. Бұл тетік Жаңа жылдан емес, келер аптадан бастап іске қосылғалы жатыр. Банк басшысы процестің жеделдейтінін мәлімдеді. Яғни, депозиттерді толтыру батырмасы 16 желтоқсаннан пайда болады. Қазақстандықтардың біржолғы зейнетақы төлемдерін үйінде отырып-ақ «Отбасы банк» депозиттеріне аударуына мүмкіндік жасалып отыр. Ол үшін жүйе демалыс күндері де жұмыс істемек. Тек ақпараттық қауіпсіздік мақсатында платформа қазақстандық IP-мекенжайлардан ғана қолжетімді.


Хабарламаларға жазылу