Үкімет басшысы «Арселор Миттал Теміртаудағы» апаттарды азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы «Арселор Миттал Теміртаудағы» апаттарды азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

08.07.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Теміртаудағы өнеркәсіп және әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты.

«Арселор Миттал Теміртау» зауытына өндірістегі апаттарды азайту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. «Жыл сайын он шақты адам қаза табады. Бұған көне алмаймыз. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек»,-деді Үкімет басшысы. Өндіріс орнындағы жабдықтар ескірген. Жаңартуға салынатын инвистиция көлемі төмен. Премьер-Министр мұны да атап өтті.

Облыс және зауыт басшылығымен бірге қауіпсіздік, экология мәселелерін талқылады. 

Хабарламаларға жазылу