Қазақстан мен Ұлыбританияның қарым-қатынасын нығайту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ұлыбританияның қарым-қатынасын нығайту мәселелері талқыланды

06.12.2023

Тұманды Альбион Парламентінде Қазақстан мен Ұлыбританияның қарым-қатынасын нығайту мәселелері талқыланды. Британиялық депутаттар мен отандық дипломаттар жұмыс нәтижелерімен бөлісіп, жылды қорытындылады.

Соңғы 30 жыл көлемінде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік нығая түсті. 2023 жылдың өзінде жоғары деңгейдегі іссапарлар көп болды. Астанаға Ұлыбританияның Лондонға Қазақстанның министрлері мен жоғары лауазымды тұлғалары ат терлетті. Бүгінгі шараға Ұлыбритания Парламентінің депутаттары, ғалымдар және бизнес өкілдері қатысты. Олар еліміздің геосаяси жағдайы және басқа да мәселелер бойынша келелі әңгіме қозғады.

Пол Скалли, Ұлыбритания парламентінің депутаты:

Бірлесе атқаратын жұмыс көп. Минералдық ресурстар, жартылай өткізгіш батарея технологиясы және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастығымыз кеңейе түспек.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу