Қазақстандықтар Қытай мен Мажарстандағы беделді университеттерде тегін оқи алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар Қытай мен Мажарстандағы беделді университеттерде тегін оқи алады

17.01.2024

Қазақстандықтар Қытай мен Мажарстандағы беделді университеттерде тегін оқи алады. Мұндай мүмкіндік білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім шеңберінде жүзеге асып отыр. Мажарстан бакалавриат, магистратура мен докторантураға 250 грант ұсынды. Ал Қытай 155 оқу грантын бөлген. Конкурстық іріктеуге қойылатын бірнеше талап бар. Құжат тапсыруға ниетті үміткер, ең әуелі Қазақстан азаматы болуы тиіс. Бүгінге дейін шамамен 730-дан астам өтініш түскенр. Мажарстан бойынша құжат қабылдау бүгін аяқталады. Ал, Қытай грантына өтініш беру 31-қаңтарға дейін жалғасады. Білім гранты аясында алынған дипломмен беделді ұйымдарда тағылымдамадан өтуге немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады. Мамандар, барлық көрсетілетін қызметтердің тегін екенін ескертеді.

Ақбота Стаева, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының бас менеджері:

Жалпы екі грант та бірнеше шығындарды қаржыландырады. Олар тегін оқу, ай сайынғы стипендия, медициналық сақтандыру, және жатақхана шығындары. Үкімет аралық гранттар аясында конкурсқа қатысу барысында үміткерлер бірінші үміткерлермен және тәуелсіз сараптама комиссия мүшелерімен персоналды әңгімелесу болады. Екіншіден әр үміткердің құжаттарын қарастырамыз. Үшінші қорытынды комиссиясының шешімін қабылдау.


Хабарламаларға жазылу