Елбасы Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады

08.12.2021

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровты қабылдады. Кездесуде Елбасы көрші елдердің тарихы тамырлас екенін, сондықтан мәдени-гуманитарлық байланыстарды барынша нығайта беру маңызды деді. Алдағы уақытта Қырғызстан жастары үшін білім гранттары бөлінуі мүмкін екенін атап өтті. Ал Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы өз сөзінде Тәуелсіздіктің 30 жылында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның дамуына сіңірген еңбегі орасан дейді. Әрі бауырлас елге үнемі қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.


Хабарламаларға жазылу