Қазақстан Қырғызстанға бір мың автобус экспорттайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қырғызстанға бір мың автобус экспорттайды

08.12.2021

Қазақстан Қырғызстанға бір мың автобус экспорттайды. Бұл жайында үкімет басшысы Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы – Ақылбек Жапаровтың кездесуінде белгілі болды. Қос тарап Қырғызстанның Қазақстанда шығарылған автокөлік құралдарын сатып алуы туралы меморандумға қол қойды. Келісім бойынша 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған 1 мың автобус пен 100 бірлік арнайы техника жеткізілуі тиіс. Жаңа қоғамдық көліктер жолаушылар көлігі қозғалысын реттеудің электрондық жүйесімен және жол ақысын төлеудің автоматты жүйесімен жабдықталған.


Хабарламаларға жазылу