Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр» атты конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр» атты конференция өтті

08.12.2021

«Тәуелсіздік. Елорда. Байқоңыр». Елордада осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған шарада Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамаларының рөлі, елдің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жаңғыруының перспективалары мен бағыттары талқыланды. Конференцияға қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Асылы Осман, мемлекет және қоғам қайраткері:

Ата-бабамыздан бізге не қалды?! Байтақ жер қалды, бай тіл қалды, әдет-ғұрпы, салты қалды. Сондықтан осылардың барлығын сақтай білуіміз керек.


Нұр-Сұлтан конференция

Хабарламаларға жазылу