Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Елорданың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Елорданың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды

24.12.2021
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Елорданың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Елорданың даму тарихы туралы кітаптар таныстырылды

Елордада «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: жарқыраған Елорда» атты ғылыми-практикалық конференция аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі дайындаған үш кітаптың тұсауы кесілді. «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік тұмары»/«Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік символы», «Тарихи шешімдер, тағдырлы белестер» басылымдары және «Ел жүрегі - Нұр-Сұлтан» әндер жинағы елорданың қалыптасу тарихы туралы әңгімелейді.

«Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік тұмары» және «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздік символы» кітаптары «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жарық көрген материалдар негізінде жазылған. Бұл беттер арқылы еліміздің бас қаласының шежіресін байқауға болады.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада 1000-нан астам түрлі іс-шара, оның ішінде 300-ден астам ірі іс-шара өткізілді. Қала 30 жылдық мерейтойды жоғары деңгейде атап өту үшін бар күшін салды. Елорда білім беру, құрылыс саласында үлкен жетістіктерге жетті. Тек осы жылдың өзінде 3,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бұл -қала үшін рекорд. Сондай-ақ,15 мектеп салынып, 13 мың үлескер баспана алды.



Тәуелсіздіктің 30 жылдығы кітап Нұр-Сұлтан

Хабарламаларға жазылу