Нұр-Сұлтанда оқушылар арасында жылдың үздік ғылыми жобалары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда оқушылар арасында жылдың үздік ғылыми жобалары анықталды

30.12.2021

Нұр-Сұлтанда «Жылдың үздік жүз жобасы» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған байқауды «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық зерттеу орталығы жариялаған болатын. Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған байқауға құжат қабылдау қыркүйек айында басталған. Оған еліміздің түпір-түкпірінен 600 ғылыми жоба келіп түсті. Онлайн түрде қабылданған еңбектердің арасынан үздік деген жүз ғылыми жоба іріктеліп алынды.

Саят Нәбиев, «Bilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығы директорының орынбасары:

Осы үздік деп танылған ғылыми жобалардың арасында роботатехникаға байланысты. Ұлттық тарихқа байланысты керемет жобалар бар. Соны қазір оқушылар өздері қорғап, осы жерде көрсететін болады.


Хабарламаларға жазылу