Таиландтың оңтүстігінде жаңбыр соңы су тасқынына ұласты

08.12.2021

Таиландтың оңтүстігінде екі күн бойы төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Өзендер арнасынан асып, талай үй мен көлік суға кетті. Ал Накхон Си Таммарат провинциясында 23 аудан «апатты аймақ» деп жарияланған.

Топан жайлаған елдімекендер мен қалаларда құтқару операциясы жүргізілді. Әзірге құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Оңтүстік-Шығыс Азияның Таиланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин тәрізді елдерінде жаңбыр маусымы күздің соңына дейін жалғасады. Және де бұл кезеңде тропикалық дауылдар соғып, найзағай жарқылдап, өзендер тасып, миллиондаған адамға қауіп төндіреді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу