Мұзафар Әлімбаев, «Наурыз, сен - көктемдегі үмітіміз...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұзафар Әлімбаев, «Наурыз, сен - көктемдегі үмітіміз...»

11.03.2014
Мұзафар Әлімбаев, «Наурыз, сен -  көктемдегі үмітіміз...»
Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,
Татырған сары уыздың нәрін бізге.
Наурыз, сен -  көктемдегі үмітіміз,
Жарылқар берекеміз сары күзде.
 
Наурыз - ол емес әсте дырду-думан,
Киік емес қиқулап бір күн туған.
Ол -  қыздың кісілікпен көшеленіп,
Рухани есеюі ұлдың туған.
 
Наурыз - ол ұсақтықтан арылуың,
Халықтың бірлігінің мығымдығы.
Күдіктің безбеніне тартылмайтын,
Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы.
 
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ

Хабарламаларға жазылу