Индира Расылхан – «Махаббатты сезіну» (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индира Расылхан – «Махаббатты сезіну» (ВИДЕО)

03.01.2016
Индира Расылхан – «Махаббатты сезіну» (ВИДЕО)

Қуанышым сен болдың қайғы жасым,

Таусылмайтын мен үшін бай мұрасың.

Қара жерге аспаннан ай құласын,

Қанық менің  әйтеуір айнымасым.

Қара жерге аспаннан ай құласын,

Қанық менің  әйтеуір айнымасым.

 

Қайырмасы:

Жасым болдың сен маған көктемдегі,

Жүрегімнен қақ жарған от кеудені.

Кезіктірдім мен бұрын қиялымда

Шоқпен мені.

Күйіп жанып содан соң  алауладым,

Ай, күн барын ұмыттым самал барын.

Сол сезімнен бойыма бір тыныштық,

Таба алмадым.

 

Сені ойламай  кезім жоқ көзімді ілген,

Елжіредім сені аңсап егілдім мен.

Тағдырыма ризамын сен арқылы,

Ақ махаббат дегенді сезіндірген.

Тағдырыма ризамын сен арқылы,

Ақ махаббат дегенді сезіндірген.

 

 Қайырмасы:

Жасым болдың сен маған көктемдегі,

Жүрегімнен қақ жарған от кеудені.

Кезіктірдім мен бұрын қиялымда

Шоқпен мені.

Күйіп жанып содан соң  алауладым,

Ай, күн барын ұмыттым самал барын.

Сол сезімнен бойыма бір тыныштық,

Таба алмадым.

Хабарламаларға жазылу