Келер жылы Қашаған кен орнына күрделі жөндеу жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы Қашаған кен орнына күрделі жөндеу жүргізіледі

03.12.2021

Қашаған кен орнына дейін кемелер жүзетін канал салынады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі теңіз тартылып жатқандықтан бұдан басқа амал жоқ дейді. Өйткені қазірдің өзінде Каспий суы тартылып, қайықтардың түбі тиіп жатыр.

Бұл өндіріске кері әсер етуде. Оның үстіне төтенше жағдай бола қалса, жұмысшыларды жағаға жеткізу қиындайды. Сол үшін теңіздің түбі қазылып, канал 2023 жылға дейін салынуы тиіс. Биыл Қашағанда 15 млн тонна қара алтын өндіру көзделген. Ал келер жылы жазда кен орны күрделі жөндеуге жабылмақ.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу