Талдықорғандағы музейге 317 млн теңге қарастырылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандағы музейге 317 млн теңге қарастырылған

31.05.2023

Жетісу облысында орналасқан Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Этнограф-зерттеуші, шығыстанушының 1979 жылы бой көтерген ескерткіш тұғыры да тозып, жаңартуды қажет етеді. Ал ғимаратқа соңғы рет жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілген. Қазіргі таңда төбесінен су ағып, экспонат сақтайтын көрмелер ескірген. Рухани шаңырақтың қыста қалыпты температурасын ұстап тұру үшін жылы еден жүргізу қажет. Күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 317 млн теңге қарастырылып отыр. 

 Гүлмира Қалқабаева, Жетісу облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының бөлім басшысы:

Музейдің сыртқы келбетін сақтай отырып, рестоврациялау жұмыстары жүргізіледі. Ішкі экспозицияда кішкене безендіру жұмыстарына өзгерістер енгізіліп, безендіру жұмыстары да жүргізіледі. Сондай-ақ бұл музейде сақталған экспонаттардан түпнұсқа экспонаттардың бірнешеуіне рестоврация жүргізіледі.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу