«Ауыл» партиясының Павлодар филиалы «Самал» оңалту орталығын қамқорлығына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл» партиясының Павлодар филиалы «Самал» оңалту орталығын қамқорлығына алды

03.12.2021

«Ауыл» партиясының Павлодар филиалы «Самал» оңалту орталығын қамқорлығына алды. Бұл - ауыр сырқатқа шалдыққан, үнемі күтімді қажет ететін жандарға медициналық және әлеуметтік тұрғыдан көмек көрсететін қайырымдылық бағыттағы мекеме. Қазір 100-ге тарта адамды тұрақты түрде қабылдайды. Партия мүшелері мұнда азық-түлік қорын жеткізіп беріп отырады. Бүгін картоп, сәбіз, қызылша және ұн өнімдері, күнбағыс майы сынды жергілікті фермерлер шығаратын өнімдер әкеліп берді.

Нағима Жүсіпова, облыстық Мәслихат депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі:

Бүгінгі шара Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына 30 игі бастама шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Тек мерекеде емес, әрдайым мұқтаж жандарға қол ұшын созуға дайынбыз. Бұл - «Ауыл» партиясының басым бағыттарының бірі


Хабарламаларға жазылу