Түркістан облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға орталық салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға орталық салынып жатыр

23.02.2024

Түркістан облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған орталық бой көтеріп жатыр. «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында салынып жатқан медициналық-әлеуметтік нысан 50 орынға есептелген. Оңалту орталығының құрылысына 3 млрд 309 млн теңге бөлінген. Мердігер компания құрылыс жұмысының 70 пайызын аяқтады.

Қалыйма Жантөреева, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

2 млн аса халық тұратын облыста 97 мың мүгедек бар екен. Соның 14 500-і балалар. Балаларымызға оңалту орталығы керек еді. Сондай деп мәселені көп қозғай берді. Әсіресе осы оранғайлықтар. Депутаттық сауал жолдадым. Осы республикадан да мақұлданып, облыстан болса да мақұлданып, осы жерге салынды ғой. Осы жылдың аяғына қарай береміз деп отыр тапсырамыз деп отыр.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу