Павлодарда мүгедек бала тәрбилеп отырған аналар жергілікті биліктен көмек сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда мүгедек бала тәрбилеп отырған аналар жергілікті биліктен көмек сұрады

09.03.2021

Дәрігер тапшы. Дәрі-дәрмек қат, оңалту орталықтарына жолдама жоқ. Павлодар облысында мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар жергілікті биіліктен осы мәселелерді шешіп беруді сұрап, шағымдарын жеткізді. Олардың айтуынша, еңбекақысы аз дәрігерлер ақылы кабинет ашып алған. Сондықтан тегін көмек көрсететін емханаларда маман тапшы.

Қазіргі күні облыста 2900 отбасы мүгедек бала тәрбиелеп отыр. Олардың дені баспанамен қамтылмаған. Ал, несие алайын десе, жеңілдік жоқ. Аналардың арыз-шағымын тыңдаған қала әкімі мәселені шешуге уәде етті.  

Әйгерім Жақсылықова, қала тұрғыны:
Бізге нақты керек дәріні бермейді. Соның баламасын береді, сапасы төмен. Дәрінің емі бізге келмейді. 

Альмира Дисюпова, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
Мүгедек балаларға арнайы оңалту орталығын ашу керек. Барлық ұсыныстар қаралып, тиісті шешімге келіп, министрлікке қарауға беріледі.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу