АҚШ-тың Калифорния штатында дүлей дауыл әлі басылмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатында дүлей дауыл әлі басылмай тұр

13.01.2023

АҚШ-тың Калифорния штатында екі аптадан бері дүлей дауыл басылмай тұр. Сонымен бірге алапат су тасқыны елді әбігерге салды. Табиғи апат салдарынан 19 адам көз жұмды. Үздіксіз жауған нөсер жаңбырдан өзендер арнасынан асып, көшелерді су басқан. Дауылдың әзірге басылатын түрі жоқ. Ауа-райын бақылаушылардың мәліметінше, келесі аптада жауын күшейе түспек.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу