Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Сербия командасымен ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Сербия командасымен ойнайды

29.11.2021

Теннистен Қазақстан командасы Дэвис кубогінің ширек финалына шықты. Жерлестеріміз B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді. Келесі кезеңдегі қарсылас осы Сербия болмақ. Екі топтың кездесуі 1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді. Жалпы, қарсы топтың қарымы мықты. Әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 2010 жылы осы турнирде жеңіске жетсе, 2013 жылы финалда сынға түсті. Команданың ең үздік ойыншысы – «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джокович. Ширек финалдағы өзге де кездесулерге тоқтала кетсек: 29 қараша Хорватия – Италия, 30 қараша Ұлыбритания – Германия, 2-ші желтоқсан. Ресей – Швеция командалары сайысқа түседі.


Хабарламаларға жазылу