ЕУРО-2016. Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Испания-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Испания-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

10.02.2016
ЕУРО-2016. Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Испания-Қазақстан матчын тікелей эфирде көрсетеді

Ертең Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионатының жартылай финалдары өтеді. Турнирдің бұл кезеңінде Қазақстан Ұлттық құрамасы да бақ сынайды.

Еліміздің спортшылары жартылай финалда Еуропаның 6 дүркін чемпионы Испания командасымен ойнайды. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы ертең, 11 ақпанда, сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Сонымен қатар, осы күні Сербия мен Ресей құрамаларының арасындағы екінші жартылай финалдық матч та өтпек. Бұл ойынның тікелей көрсетілімін «Қазақстан» Ұлттық арнасының көрермендері Астана уақытымен сағат 23:20-дан бастап тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу