Шығыс Қазақстан облысында заңсыз сақталған қару-жарақ арсеналы тәркіленді
Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан түгелдей қару жарақ арсеналы тәркіленді. Сотпен санкцияланған тексеріс кезінде Ұлан ауданының тұрғынынан бірнеше қару түрі мен оқ дәрілер табылған. Тәркіленген төрт мылтықтың да құжаты жоқ. Олардың арасында 16 калибрлі тегіс саңылаулы шолақ қару мен бесінші калибрлі мылтық бар. Қазір 54 жастағы күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Ол заңсыз қару-жарақты қандай мақсатта ұстағаны анықталып жатыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12