Алматыда көліктің үстіне алып ағаш құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көліктің үстіне алып ағаш құлады

26.11.2021

Алматыда көліктің үстіне алып ағаш құлады. Оқыс оқиға Гоголь мен Әйтеке би көшелерінің қиылысында болған.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Ағаш құлаған кезде көлік ішінде адам болмаған. Құтқару қызметі жолды ашып, тазарту жұмыстарын аяқтады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу