«Алматының жас балеті» өнер ұжымы Еуразия университетінде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматының жас балеті» өнер ұжымы Еуразия университетінде

04.03.2014
«Алматының жас балеті» өнер ұжымы Еуразия университетінде

«Алматының жас балеті» өнер ұжымы Еуразия университетінде. Әйгілі балетмейстер Болат Аюхановтың балет театры 8-наурыз қарсаңында студенттерге арнайы өнер көрсетті.

 
Жиын барысында университет ректоры Ерлан Сыдықов білім саласында талмай еңбек етіп келе жатқан әйелдерді марапаттады. Ал салтанатты кеш соңында балет труппасы Чайковскийдің «Лебединое озеро» қойылымын көрермен назарына ұсынды.
 
Құрылғанына биыл 47 жыл болған «Алматының жас балеті» ұжымы әлемнің әр түкпірінде қазақ мәдениетін паш етіп келеді.
 
30-дан астам балетті сахналаған өнер қайраткері Болат Аюхановтың балет труппасы осы жолы да көпшілікті тәнті етті. 
 
 
Нұргүл АХМЕТОВА

Хабарламаларға жазылу