Алматыда азаматтық қоғамның дамуы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда азаматтық қоғамның дамуы талқыланды

25.11.2021

Тәуелсіздік алғалы бергі кезеңде үкіметтік емес ұйымдар саны 14 есе көбейген. Бұл азаматтық қоғамның дамуына оң әсер етті. Қазақстандық ұйымдардың батыл бастамаларды іске асыруда білімі де, тәжірибесі де жетерлік. Бүгін Алматыда жалғасқан 10-Азаматтық форум барысында осындай ойлар айтылды. Демократия институттарын нығайту, адам құқығын қорғау мен өмір сүру сапасын өзгерту жайы сөз болды. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғамның барлық саласына енген. Әсіресе әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар нәтижелі жүзеге асып келеді.

Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

30 жылда үкіметтік емес ұйымдар саны 14 есеге асты. Қазір 22 мың үкіметтік емес ұйымдар тіркелген ресми түрде. Дұрыс айтасыз, оның барлығы белсенді деп айта алмаймыз. Нақты жұмыс істейтіндер 5 мыңнан асады. Бұл жерде сан мәселесін сапаға ауыстыру - үлкен міндет.


Хабарламаларға жазылу