Депутаттар азаматтық қоғамның пікірін ескерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар азаматтық қоғамның пікірін ескерді

21.02.2020

Осы трансплантация мен вакцинация нормасына ерекше назар аударылған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы дайын болды. Құжат мәжілістің бірінші оқылымына қарауға ұсынылмақ. Қазақстанда тұратын адамдар міндетті профилактикалық егулерден өтуі керек. Осыған сәйкес сапасыз препараттарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережелерін сақтауға қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл орайда тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің құзыреті күшейтілмек. Сонымен қатар науқастың өмірін жасанды қолдау шараларын тоқтату туралы ортақ ұстаным әзірленді. Нәтижесінде науқастың туыстарының келісімінсіз бұл шара тоқтатылмайтын болды.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу