Ақтөбе облысында үй құстары қырылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында үй құстары қырылып қалды

25.11.2021

Ақтөбе облысында үй құстары қырылып жатыр.Қарғалы ауданына қарасты Петропавловка ауылында бір үйден 200 тауыққа дейін өлген. Тұрғындар індеттің қайдан келгенін біле алмай дал. Айтуларынша, тауықтар жаздың соңында-ақ өле бастаған. Салқын түсе шығын тіпті көбейген.

Мамандар індеттің «Ньюкасл» ауруына ұқсас екенін айтады. Ол тек тауықтарда ғана кездеседі. Дегенмен құстардың нақты неден қырылғаны сынама нәтижесінен кейін анықталмақ. Қазір ауылдағы қоралар түгел залалсыздандырылып жатыр. Осындай жағдай өңірде 5 жыл бұрын тіркелген.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу