Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің аймақтарында күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің аймақтарында күн суытады

29.12.2015
 Ауа райы: Алдағы күндері еліміздің аймақтарында күн суытады

Синоптиктер болса, жылдың қатаң мезгілінің бұлайша құбылуы ұзаққа созылмайды дегенді айтуда. Олар таратқан мәліметтер бойынша, күннің күрт жылынуына Иран арқылы келген циклондар әсер еткен.

Алайда, Азияның оңтүстік батысынан соққан жел елімізде ұзаққа тұрақтамайды. Жақын күндерде Ресейдің Таймыр түбегінен антициклондар келіп жетеді. Яғни, екі-үш күннің көлемінде күн суыта бастайды.

«Еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа температурасы 15-20, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендейді. Батыс, орталық және шығыс аймақтарда 10-15, кей жерлерде 18 градусқа дейін суытады. Оңтүстік өңірлерде 2 градус аяз болса, кей жерлерде сынап бағаны 6 градусқа дейін нөлден төмен болады»,-дейді «Қазгидромет» РМК-ның инженер-синоптигі Алуа Саханова. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, биылғы қыс өткен жылғыдан қаталдау болады. Әсіресе, қаңтардың басынан орта шегіне дейін күн қатты суытады. Теріскейде - 45 градус болса, оңтүстікте ең қатты суық – 30 градусқа барады.

Ақпан айында қары қалың түседі. Дегенмен, көктем шығып, наурыз айы басталысымен күн бірден жылышырайлана түседі.  

 

Хабарламаларға жазылу