Еліміздің 11 облысында күн күрт суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 11 облысында күн күрт суытады

04.01.2014
Еліміздің 11 облысында күн күрт суытады
Еліміздің 11 облысында күн күрт суытады. Солтүстік Қазақстаннан шығатын барлық бағыттар бойынша жолаушылар көлігі және дизельді жүк көліктерінің қозғалысы тоқтатылды.
 
Ал Ақмола облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты 3 жүк көлігінің дизель отыны қатып, жолда қалған. Құтқарушылар 5 адамды қар құрсауынан босатып алды. Сондай-ақ, елордада да дауылдық ескерту жарияланды.
 
«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, Астанада 4-5 қаңтар аралығында ауа температурасы түнде -31-33 градус, күндіз -26-28 градусқа дейін төмендейді.
 
Ал Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде -30-35, кей жерлерде -38 градусқа дейін, күндіз -23-28, кейбір аймақтарда -31 градусқа дейін суытады.
 
4-6 қаңтар аралығы Қызылорда облысында түнде -20-25, кей жерлерде -30, күндіз -15-20, кейбір жерлерде -23 градус аяз болады. 5-6 қаңтарда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы түнде -15-20, кей аймақтарда -25, күндіз -10-15 градусқа дейін төмендейді.
 
Ал 5-6 қаңтарда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағанасы түнде -30-35, күндіз -23-28 градусты көрсетеді.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу