Солтүстік Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге екпе салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерге екпе салына бастады

19.11.2021

Солтүстік Қазақстанда 12 жастан асқан балалар мен жүкті әйелдерге екпе салына бастады. Облысқа «Pfizer» вакцинасының 44 мың дозасы жеткізілген. Пандемия басталғаннан бері теріскейде 2,5 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырды. 3 жасар сәби көз жұмды. Өңір бір айдан астам «қызыл аймақта». Соңғы тәулікте ғана 23 мектеп оқушысынан ковид анықталды. Қазір облыстағы барлық балалар емханаларында екпе пункттері жұмыс істеп тұр.

Нұрайым Қапарова, қала тұрғыны:

Жүктілігім 7-8 ай. Жас ана бола тұра, өзім вакцина алуға шешім қабылдадым. Өйткені баламның денсаулығына, өзімнің денсаулығыма қараймын деп, осындай шешімге келдім.


Хабарламаларға жазылу