Сұйытылған газ бағасы өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұйытылған газ бағасы өсті

22.11.2021

Ал көгілдір отынның бағасы 30 пайыздай көтерілген. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша сұйытылған газдың баллоны былтыр 2900 теңге болса, биыл 3700-ден сатылып жатыр. Ең қымбат баға Өскеменде. Баллоны 4700 теңге. Семей, Алматы, Көкшетау, Талдықорған қалаларында 4 мыңнан. Ең арзаны Атырауда. 1600 теңге. Ал Энергетика министрлігі қымбатшылыққа сұраныстың артуы себеп дейді. Мәселен былтырлары сұйытылған газбен жүретін машиналар саны 140 мың болса, биыл 313 мыңнан асып кеткен. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу