Алайда, музей ғимаратын қалыпқа келтіру керек.
Ерболат Төлегенұлы, тілші:
Бұл мұражайда іс-шара өткізетін мәжіліс залы былай тұрсын, қарапайым сыртқы киім шешуге арналған арнайы бөлме де жоқ. Сондықтан, мұнда келген аймақ тұрғындары төрттағанды ілгішке киімдерін іледі.
Осыдан 9 жылдай бұрын жаңаланған ғимарат уақыты келмей жатып-ақ тозып кеткен.
Күнсұлу Меңдібайқызы, мұражай қызметкері:
2005 жылы қайта салынған, ешқандай талаптарға сай келмейді. Қазіргі кезде бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары қажет.
Қор бөлімінде 6200-ден астам жәдігер сақталған. Қарағайдан салынғандықтан, сақтау бөлмесі өрт қауіпсіздігіне сай емес. Сондықтан, былтыр музей қызметкерлері өз беттерінше жертөлені қор бөлмесіне лайықтағысы келіпті. Бірақ, тірлікті тіктеп әкетуге шамалары жетпеген.
Асылбек Байтанұлы, қор бөлімінің ғылыми қызметкері:
2005 жылы осы фундаменттің үстіне салынған. Ғимараттың сыртынан қарағанда білінбейді. Қыста қырау, жазда су болады.
Бұл ғимараттың ауласында Мәлік Ғабдуллиннің ескерткіші бар. Алайда, көзден таса жерде орналасқандықтан, көпшілік ол туралы білмейді. Жергілікті билік өкілдері болса, бұл тұрғыдағы мәселенің барлығын ретімен шешеміз, деп отыр.
Айгүл Баубекқызы, Көкшетау қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:
Мәдениет және ақпарат министерлігінің мемлекеттік комиссиясымен Көкшетау қаласында Еркін Әуелбеков көшесінде Мәлік Ғабдулиннің ескерткішін тұрғызу бойынша жобалық сметалық құжатты бекітті. Мәлік Ғабдуллиннің мұражайы бойынша бұл сұрақ енді қарастырылып жатыр.
Музей қызметкерлері Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына орай атқарылатын шаруа көп, дейді. Бірақ соған жергілікті билік үлкен мән беріп, тойға дейін талай тірлікті атқара ала ма? Әрине, оны уақыт көрсетеді.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ