Қостанай облысында белгісіз аурудан мал өліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында белгісіз аурудан мал өліп жатыр

22.11.2021

Қостанай облысының Қарақоға ауылында ірі қара белгісіз індетке шалдықты. Осы аурудан бір шаруаның төрт сиыры өлген. Тағы төртеуі ауырып тұр. Жалпы, аудандағы шаруашылықтарда 450 ге тарта мал ауырған. Мал дәрігерлері жануарларға стоматит диагнозы қойылып, емшара жүргізіліп жатыр дейді. Ал ауылдағы шаруаның малына қандай кесел келгені белгісіз. Оны анықтау үшін мамандар ауру малдың өлгенін күтіп отыр.

Бауыржан Бекет, «Облыстық ветеринария басқармасы» ММ басшысының орынбасары:   

Алдын алу мақсатында малдарға профилактикалық ем-шара жүргізіліп, дәрі егіледі. Ал ауырған малдың ішінде өлген мал болса, олардан материал алып, зертханаға жібереміз. Диагнозын нақтылау үшін.


Хабарламаларға жазылу