Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды

22.11.2021

Кеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналды. Облыстық Полиция департаменті Құршасай елдімекені мен Батыс Қазақстан облысы аралығы және «Шұбарқұдық-Атырау»  тас жолының уақытша жабылғанын хабарлады.Әзірге жолда қалғандар туралы ақпарат жоқ. Синоптиктердің мәліметінше облыс аумағында қатты жел тұрып, бұрқасын болады.


Хабарламаларға жазылу