SCIENCE: Коронавирус Ухань базарындағы саудагерден тараған тәрізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

SCIENCE: Коронавирус Ухань базарындағы саудагерден тараған тәрізді

19.11.2021

Коронавирус Қытайдың Ухань қаласының базарынан тараған болуы керек. Бұл туралы ғылыми зерттеу Американың «Сайэнс» журналы жариялап отыр. Оның дерегінше, бірінші ковид жұқтыру оқиғасы осы базарға еш қатысы жоқ есепшіден емес, саудагерден анықталған.

Қауіпті инфекцияның шыққан жері әлі күнге дейін жұмбақ. Және де бұл мәселе АҚШ-Қытай дауына себеп болып келеді.

Биыл Бейжің мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеуге қарағанда, коронавирустың лабораториядан қашып кеткені жайлы теория шындыққа жанаспайды. Яғни, олардың болжамынша, жұқпалы індет сатылып жатқан жарқанаттардан адамға берілсе керек.


Хабарламаларға жазылу