Коронавирустың бесінші толқыны жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың бесінші толқыны жүріп жатыр

22.07.2021

Иран астанасы мен оған жақын орналасқан провинцияларда алты күндік локдаун енгізілді. Елде коронавирустың бесінші толқыны жүріп жатыр. Бір тәулікте қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 27 мыңнан асқан. Ковидке шалдығу фактілерінің өсуіне "Дельта" штамының өршуі, вакциналау қарқынының баяу жүруі себеп. "Рейтер" агенттігінің мәліметінше, 83 миллион тұрғынның 2 миллион 300 мыңдайы ғана коронавирусқа қарсы екпе алған.

Оңтүстікафрикалық компания Pfizer вакцинасын өндіруді бастайды. Кейптаун қаласында орналасқан "Биовак" компаниясы шығаратын екпе африка құрлығындағы 54 елге жеткізіледі. Жылына мұнда "Файзердің" 100 мың дозасын шығару жоспарланып отыр. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін шамамен бір жылдай уақыт қажет.

Ал, Қытай коронавирустың шығуын зерттеудің екінші сатысы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоспарынан бас тартты. Халықаралық ұйым шара аясында ухань қаласындағы зертханалар мен базарларды тексеруді ұсынып, қытай билігін ашық болуға үндеген еді. Қытай үкіметінің өкілдері болса, ұйым ұсынған жоспардағы коронавирус зертханадан тараған болуы мүмкін деген болжаммен келісей отыр. Сонымен бірге, олар вирустың шығуына қатысты зерттеуді қытайдан басқа да елдерде жүргізуді талап етті

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу