Жарға жығу. «Qazaqstan дауысы» жобасы жаңа кезеңді бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарға жығу. «Qazaqstan дауысы» жобасы жаңа кезеңді бастайды

19.11.2021

Бұған дейін үміткерлер «Көрмей таңдау» және «Жекпе-жек» кезеңдері бойынша бақ сынады.

Жобаның жаңа айналымы «Жарға жығу» деп аталады. Мұнда алдыңғы кезеңдерден іріктелген 32 қатысушы тікелей эфирде өнер көрсету үшін бақ сынасады. Бұл кезең екі шығарылымнан тұрады. Әр бағдарламада әр топтан 4 қатысушы жеке өнер көрсетіп, тек екі үміткер ғана тәлімгер шешімімен келесі кезеңге жолдама алады.

«Жарға жығу» кезеңіне өткен қатысушылар:

Сәкен Майғазиевтің тобы – Анна Уварова, Ерназар Жұбан, Жайна Тарғынова, Данияр Кәрім, Жәния Қарабатыр, Мәдина Жұмабаева, Әділ Ахметжанов, Құралай Мейрамбек;

ALEM тобы – Бексұлтан Кенішқалиев, Алима Тұрарбек, Нұржігіт Сұбанқұлов, Римма Ахметова, Нұрболат Қанай, Аян Байжігіт, Ерік Төленов, Інжу Болат;

Майра Мұхамедқызы – Мұхаммедәлі Сұлтанов, Мұрат Дәлелхан, Ернар Амандық, Нұрай Сейітқалиева, Ардақ Төлепберген, Айнұр Нұрпейісова, Рахман Сәтиев, Әйгерім Темірбекова;

Маржан Арапбаева - Айдана Наукеева, Диана Бекмурзаева, Арсен Нарханов, Татия Кобаладзе, Аружан Айдарбек, Мәди Сыздықов, Венера Исмагилова, Медет Орынбаев.

Келесі кезеңге кім өтеді? Осы сенбі 20:40-та ғаламат жобаны бірге тамашалайық!

Qazaqstan дауысы тікелей эфир Жарға жығу Көрмей таңдау Жекпе-жек Сәкен Майғазиев ALEM Майра Мұхамедқызы Маржан Арапбаева

Хабарламаларға жазылу