Алматыда қалың қар жауып, күн суытады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қалың қар жауып, күн суытады

03.11.2021

Синоптиктер осындай болжам айтып, дауылды ескерту жасады. Мамандардың сөзінше, ертең алып шаһарда күн бұлттанып, қар үдей түсуі мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, түнде -6-8 градусқа дейін, ал күндіз -3-5 градусқа дейін аяз күтілуде. Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жолдарда барынша сақ болуға шақырып отыр.

Автокөліктерді ағаш, электр желілері және басқа да құрылыстар маңына қоймау ұсынылды. Сондай-ақ жылдамдық режимі мен көліктер арасындағы қашықтықты сақтау қажеттілігі айтылды.


Хабарламаларға жазылу