Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесті

16.11.2021

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Рик Демспен кездесті. Онда Қазақстан мен Еуропа Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастықты арттыру және еліміздегі саяси реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сондай-ақ адам құқықтарын іске асыру мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар, Рик Демспен Мәжіліс Төрағасы да кездесті. Нұрлан Нығматулин сайлау процесін демократияландыру мен заңнамасын жетілдіру, әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту, парламенттік оппозиция институтын дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты. Тараптар Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің ынтымақтастығын дамыту мен өзара әріптестік бағыттарын нығайтуға келісті.


Хабарламаларға жазылу