Сенат төрағасы Қырғыз Республикасының елшісімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы Қырғыз Республикасының елшісімен кездесті

29.06.2021

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевпен кездесті. КСМ: Кездесуде парламентаралық, әлеуметтік-мәдени, сауда-экономикалық мәселелер талқыланды. Биыл күзде Қырғызстанда сайлау өтіп, Жогорку Кенештің жаңа құрамы жасақталады. Сондықтан, Парламенттік байланысты дамыту маңызды. Өйткені, екі елдің Парламенттері ықпал ететін ортақ мәселелер көп»,-деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Сенат Төрағасы Беларусь Республикасының елшісі Павел Утюпинді де қабылдады. Кездесуде екі елдің депутаттары арасындағы байланысты нығайту тетіктері талқыланды. Одан бөлек, өнеркәсіп, машина жасау, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақты арттыру аясындағы жоспарлар қаралды.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу