«Жолдағыға жанашыр бол» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жолдағыға жанашыр бол» акциясы басталды

15.11.2021

Еліміздің ірі қалаларында «Ауыл» партиясының қолдауымен «Жолдағыға жанашыр бол» акциясы басталды. Онда қара суықта жолда қалып қойған қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен балалы аналарды діттеген жеріне тегін жеткізеді. Игі іске партия мүшелерінен бөлек, волонтерлер де жұмылдырылған. Ұзын саны 60-қа жуық көлік бір ай бойы көмекке мұқтаж жандарды баратын жеріне тегін жеткізеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шара Алматы және Шымкент қалаларында да жалғасады.
Анас Баққожаев,  «Ауыл» партиясының хатшысы:
Күн суық,  көлік кейде тоқтап қалады. Осындай уақытта әр адам жолаушыны алып, жанашыр болуына болады. Қайырымдылық жасау - кез келген адамның қолынан келетінін көрсетуіміз керек.

Хабарламаларға жазылу