Елордада «Шаттық-2016» өнер фестивалі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Шаттық-2016» өнер фестивалі ашылды

15.02.2016
Елордада «Шаттық-2016» өнер фестивалі ашылды

Биыл 5 мыңнан астам жас дарын бас жүлдені – алтын, күміс және қола статуэткаларды сарапқа салады. Бес күнге жалғасатын байқау жаңа жас өнерпаздардың болашағына жол ашпақ.

«Шаттық» байқауы қаланың бернеше алаңында өтеді. Жүзге жуық елордалық мектеп пен колледж өзара шығармашылық сайысқа түседі.

«Бұл жолы «Шаттық» байқауы ерекше болмақ, біз ережеге біршама өзгерістер енгіздік. Биыл жеңімпаздарға дәстүрлі медальдардың орнына мерейтойлық статуэткалар беріледі. Оның үстіне аталымдар саны да артты. Бағдарламаға алғаш рет «Соны жанр» енгізілді. Мұнда паркурмен айналысатындар, акробаттар, гимнасттар және т.б. өз өнерін ортаға салатын болады. Ал «Киім дизайны» аталымында жаңа ғана бастап жатқан модельерлер бәсекеге түседі», - деді М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының директоры Вадим Моторин.

Оның айтуынша, бүгінде «Шаттық» байқауы әншілер үшін бастама алаңына айналды, қазіргі таңда елімізден тыс жерлерде өнер көрсетіп жүрген көптеген би ұжымдары өнер жолын нақ осы байқаудан бастаған.

Бұдан басқа, байқау барысында педагогтар мен концертмейстерлер өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық жоспарларымен бөліседі.

Хабарламаларға жазылу